БАӘ миллиардері Астана экономикалық форумына қатысуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ миллиардері Астана экономикалық форумына қатысуға ниетті

БАӘ миллиардері Астана экономикалық форумына қатысуға ниетті

Әбу-Дабиде БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ іскерлік ортасының бай әрі ықпалды өкілдерінің бірі Хусейн ан-Нувейспен кездесті.

  • 7 Сәуiр 2016
  • 355
Фото - Caravan.kz

Әмірлік миллиардері осы жылы 25-26 мамырда өтетін Астана экономикалық форумына қатысуға шақыртуды алғыспен қабыл алды.

Әмірлік бизнесменімен байланысы бар компаниялар энергетика (Ұлттық мұнай құрылыс компаниясының (NPCC) президенті), өнеркәсіп («Senaat» өнеркәсіптік холдингтің басқарма төрағасы), инвестиция («Maha Capitals», «Al Nowais Investment» және «The Abraaj Group» компанияларының құрылтайшысы), қонақүй бизнесі («Ротана» отельелер желісінің директоры) және басқа да секторларда қызмет көрсетеді. Оның компаниясына тиесілі активтердің жалпы құны, кей деректер бойынша, 6,8 млрд. АҚШ долларынан асады.

Қазіргі миллиардер іске асырып жатқан барынша ірі инвестициялық жоба Мысырдың мемлекеттік электорэнергетикалық холдингтік компаниясымен (Egyptian Electricity Holding Company (EEHC)) бірлесіп, Синай түбегінде қуаты 2460 МВт «Уюн әл-Муса» электр стансасын салу жобасы болып табылады. Жобаның құны 4,5 млрд АҚШ долларына бағаланады, оның 70 пайыз инвестициясы «Al Nowais Investment» компаниясына, ал қалған 30 пайызы — Сингапур, Оңтүстік Корея, Қытай және Мысырдың жеке инсвесторларына тиесілі.

Х.Ан-Нувейспен кездесу нәтижесі бойынша олардың қазақстандық экономикаға инвестиция салу перспективаларын қарау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.