Бағдадта бірнеше жарылыс болып 16 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағдадта бірнеше жарылыс болып 16 адам қайтыс болды

Бағдадта бірнеше жарылыс болып 16 адам қайтыс болды

Бағдадта бірнеше теракт салдарынанг кемінде он алты адам құрбан болды, Бұл туралы бүгін АП агенттігі мәлімдеді.

  • 5 Ақпан 2014
  • 260
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, 35 шақты адам жарақат алған.

Агенттік мәліметіне сәйкес, Ирак сыртқы істер министрлігі ғимараты маңына ішіне жарылғыш зат орнатып қойылған екі көліктің жарылысы салдарынан жеті шақты адам көз жұмған.

Тағы бір жарылыс қаладағы ресторандардың бірінің маңында болған. Ол жерде кемінде бес адам көз жұмды.

Бағдадтың орталық сауда алаңдарының бірінде жарылғыш зат орнатылған тағы бір көлік жарылып, төрт адамның өмірін қиды.


2014 жылдың басынан бері Иракта мыңнан астам адам террористердің құрбанына айналған.