Бишімбаев сынды байдың ерке балалары жауапкершіліктен құтылып кете ме? Журналист пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев сынды байдың ерке балалары жауапкершіліктен құтылып кете ме? Журналист пікір білдірді

Бишімбаев сынды байдың ерке балалары жауапкершіліктен құтылып кете ме? Журналист пікір білдірді

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды.

  • 10 Мамыр
  • 60
Фото - Caravan.kz

Алайда сот үкімі бүгін шықпады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Келесі сот отырысы 13 мамырға белгіленді. Адвокат Игорь Вранчевтың айтуынша, үкімді күтуге әлі ерте. Әлі алқабилер тараптардың сұрақтарын талқылайды. Осы ретте қоғамды бір сұрақ мазалайды. Жақында қабылданған зорлық-зомбылыққа қатысты заң нақты жұмыс істей ме? Бишімбаев тиісті жазасын алады ма? Журналист Ришат Асқарбекұлы пікір білдірді.

«Адам аярлық қылығы жоқ.

Жаңа ғана Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот процесі басталды. Оған міне-міне үкім шығады деп отырған қоғам екіұдай күйде екені анық. Себебі жаза жеңіл болып, бұрынғыдай байдың ерке балалары жауапкершіліктен құтылып кете ме деген күдік те басым.

Бишімбаев психопат және садист дегенге негізделген барлық дәлелдерді сот тергеуі анық көрсетті. Ал азаптау арқылы кісі өлтіру деректері де дәлелденгеніне еш күмән қалмады. Енді көп жыл бұрын Қазақстан құқықтық жүйесіне енген алқабилер соты үшін бұл үлкен сынақ алаңы болары сөзсіз. Осы іс бойынша бұра тартып, Бишімбаев жеңіл жазамен құтылса, елдігімізге сын. Үміт отының сөнгені.

Қазір Бишімбаевтың сот процесін бақылап отырған мыңдаған әйелге ой салған және қоғамдағы және отбасындағы ер мен әйелдің рөлін айқындайтын елең-алаң кезең. Жақында қабылданған зорлық-зомбылыққа қатысты заң нақты жұмыс істей ме? Бишімбаев қалай да сотталады, ал осыдан алар сабақ қандай болуы керек?

Қазір кез-келген осындай ауыр оқиғалар біздің қоғам үшін стресс. Бұдан бәріміз моральдық тұрғыдан да адамдық тұрғыдан да бір сабақ алу керекпіз.

Салтанатты қоғамдағы салқынқандық пен немқұрайлық өлтірді. Сергек болсақ Қазақстанда жылына 500 әйел отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмар ма еді? Жауыз жазасын алар деп үміттенеміз. Қазақстандық сот жүйесіне тақымды қысып, осы жолы үлкен сенім артып отырмыз емес пе?! Ал, көрейік!».

Соңғы жаңалықтар