«Бәйбішемнен 7, мынадан 5 бала бар»: Орыс тоқалын көрсетіп, мақтанған қазақ жігіті желіні шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бәйбішемнен 7, мынадан 5 бала бар»: Орыс тоқалын көрсетіп, мақтанған қазақ жігіті желіні шулатты

«Бәйбішемнен 7, мынадан 5 бала бар»: Орыс тоқалын көрсетіп, мақтанған қазақ жігіті желіні шулатты

Бәйбішесінен жеті, тоқалынан бес бала сүйген қазақ жігітінің әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік оның бұл қылығын ерсі әрекет деп қабылдаған, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 11 Мамыр 2023
  • 947
Фото - Caravan.kz

Көптің қызу талқысына түскен видеода ер азаматтың өзінің екінші әйелін, яғни тоқалын көрсетіп, мақтанған сәтін анық көруге болады. Ол онда:

«Мынау кім сендерге болады? Мына орыс әйел кім сендерге? Тоқалсың ба, молодец! Мына тоқал, менің тоқалым, бес бала-шаға туып берген. Бәйбішемнен, қазақ қатыннан 7 бала-шаға бар, мына екінші тоқалымнан 5 бала-шаға бар. Жылқы бақсаңдар, осылай тоқал аласыңдар. Сөйтіп қазақтың санын көбейтесіңдер. Орыстарды соғыспай махаббатпен жеңеміз. Қыздарының бәрін қатындыққа алып алсақ, орыстар азайып кетеді, қазақтың балаларын туады сосын. Сондай ма?», — дейді.

Көпшілік ер адамның бұл әрекетін түсінбей дал болған. Олар:


«Жетісіпсіз, екінші әйелін мақтанып көрсету дегенді кімнен көрдіңдер», «Несіне мақтанып айтасың, балаларыңа қандай тәрбие бұл? Тым құрыса солардан ұялсаң ғой?», «Ертең балалары да осыны көріп, әкелері сияқты тоқал алатын шығар, сонда көреді, не екенін», «Ақымақтық, ұяттан жұрдай» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар