"Байланыс жоқтықтан бүтін бір отбасы өртеніп кетті": Белгілі блогер Ұйғыр ауданының жай-күйіне алаңдап, билікке базынасын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байланыс жоқтықтан бүтін бір отбасы өртеніп кетті": Белгілі блогер Ұйғыр ауданының жай-күйіне алаңдап, билікке базынасын айтты

"Байланыс жоқтықтан бүтін бір отбасы өртеніп кетті": Белгілі блогер Ұйғыр ауданының жай-күйіне алаңдап, билікке базынасын айтты

Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында 24 ақпан күні қайғылы оқиға орын алып, тілсіз жаудан әкесі мен екі баласы тірідей жанып кеткен еді. Тұрғындар ұялы байланыстың жоқтығынан уақытында көмек шақыра алмаған. 

  • 28 Ақпан 2023
  • 1180
Фото - Caravan.kz

Осыған орай Ұйғыр ауданының тумасы, кәсіпкер, блогер Алишер Теменов биліктен байланыс орнатылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Кепебұлақ ауылы Ұйғыр ауданының ең шеткі таулы аймақтарында орналасқан. Байланыстың жоқтығына елдің шағымданып жүргеніне қаншама уақыт болды. Бірақ, нәтиже жоқ. Карантин кезінде Кепебұлақтың оқушылары тау кезіп жүріп сабақтарын оқыды. Мұғалімдері де тау кезіп жүріп сабақтарын берді. Өйтені, ғаламторға солай ғана қосыла алады. Ауыл тұрғындары туыстарына хабарласу үшін, жедел жәдем шақыру үшін де тау жағалайды. Басқа амал жоқ. 

Міне, байланыс жоқтықтан ақыры бүтін бір отбасы өмірлерімен қоштасты. Досбол ағамыз екі баласымен өртке оранға үйінде қалып қойды. Тірідей жанып кетті. Таңғы сағат 5-тің шамасы болған. Көршілер құтқарушыларға байланыс жоқтықтан хабарласа алмаған. Ауыл тұрғындары шама келгенше су шашып, өшірмек болған. Алайда, қолдарынан келмеді. Өрт сөндірушілер ғана өшіре алатын еді. Өрт сөндірушілер әбден өрт сөніп, 1 сағат өткен соң келген. Артынан әкімнің орынбасары жеткен. Бәрі де кеш естіген ғой. 

Байланыс жоқтықтың кесірінен адам өмірі қиылса да жабулы қазан жабулы күйінде қалып тұр. Мен Ұйғыр ауданының тұрғыны ретінде байланыстың орнатылуын талап етемін! 


Балалар ғаламторға шығамыз деп тауда жүреді. Балалар көбіне суықтан ауырады. Қасқыр сияқты жыртқыштар да жүретіні бар. Бұлай жалғаса берсе баланың жыртқышқа жем болғанын да естірміз. Оны ойлап жатқан біреу бар ма?" — деп ашынады Алишер Теменов.