Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон-М» зымыранын ұшыруға дайындауда (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон-М» зымыранын ұшыруға дайындауда (ФОТО)

Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон-М» зымыранын ұшыруға дайындауда (ФОТО)

Байқоңыр ғарыш айлағына 19 наурызда «Протон-М» зымыран тасымалдағышының көмегімен ұшырылатын «Экспресс-АМ7» жеткізілді.

  • 23 Ақпан 2015
  • 683
Фото - Caravan.kz

Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, телекоммуникациялық «Экспресс-АМ7» аппараты және қосымша жабдықтар  ұшақпен «Юбилейный»   аэродромды кешеніне жеткізілген.

Қажетті кедендік  рәсімдеуден соң спутник одан әрі ұшыруға дайындау үшін № 50 монтаждау-сынақ кешеніне апарылды.

«Протон-М» зымыран тасығышын «Бриз-М» екпінді блогымен және «Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратымен ұшыру 2015 жылғы  19 наурызға жоспарланып отыр. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан 2015 жылғы «Протон-М»нің екінші ұшырылымы болмақ.


2 1