Жарияланды: 450

"Байқоңыр" ғарыш айлағында Ресей милициясының екі қызметкері жол апатынан қаза тапты

Байқоңыр. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Байқоңыр" ғарыш айлағында Ресей милициясының екі қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше түстен кейін саған 14.00 шамасында ғарыш айлағының ішіндегі темір жолдың "Московская" бекетінің маңында автокөліктің аударылуы салдарынан РФ ІІМ ІІБ жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспециясының "Байқоңыр" кешеніндегі бөлімінің екі қызметкері қаза тапты. Ақпарат көзінің хабарлауынша, бөлімінің үш қызметкері ғарыш айлағының №113 алаңындағы жұмыс орнынан олардың біреуіне тиесілі "Мазда-626" жеңіл көлігімен қайтып келе жатқан. Белгісіз себеппен көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлігімен жолдан шығып, аударылып кеткен. Апат салдарынан жүргізуші мен алдыңғы орында отырған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу органдары апаттың себептерін анықтап жатыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть