Жарияланды: 690

Байқоңыр мен Мәскеу арасындағы әуе қатынасын "Орал әуе желілері" компаниясы жүзеге асырады

Байқоңыр. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр мен Мәскеу арасындағы әуе қатынасын "Орал әуе желілері" компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жөніндегі келісім-шартына Ural Airlines бен "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығы қол қойды. "Орал әуе желілері" компаниясы қаржылық қиындықтарға душар болған "Красноярск әуе желілері" компаниясының орнына ғарыш айлағының қызметкерлерін тасымалдайтын болды. "Ғарыш айлағының тұрғындары үшін ештеңе өзгермейді. Рейстер бұрынғыдай ТУ-154М ұшағымен сейсенбі және жұма күндері Домодедово әуежайынан айлақтың "Крайний" әуежайына ұшырылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Орал әуе желілері" компаниясының иелігінде 20 астам ұшақ бар. Ол жыл сайын миллионнан астам жолаушыны әлемнің ондаған елдеріне 120 бағыттағы рейстермен тасымалдайды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін