Байқоңыр «Прогресс М26М» ғарыштық жүк кемесін ұшыруға әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр «Прогресс М26М» ғарыштық жүк кемесін ұшыруға әзірленуде

Байқоңыр «Прогресс М26М» ғарыштық жүк кемесін ұшыруға әзірленуде

 Байқоңыр ғарыш айлағында 2015 жылғы екінші ұшыруға әзірленуде - енді бір аптадан кейін Халықаралық ғарыш стансасына «Прогресс М26М» ғарыштық жүк кемесі аттандырылады.

  • 10 Ақпан 2015
  • 624
Фото - Caravan.kz

Ресейғарыш баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Прогресс М-26М» ғарыштық жүк кемесін орбитаға шығаратын «Союз-У» зымырантасығышын сынау тиісті кестеге сай жүргізілуде. Ал «Прогресс М-26М» бактары сығымдалған газ бен отын компонетнттері  құйылғаннан кейін операцияның қорытынды кезеңі үшін монтаждау-сынақ корпусына жіберілді.

Сонымен бірге №1 ұшыру кешенінде ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» мен «Прогресс М-26М» жүк кораблін қабылдау жүргізілуде.


«Союз-У» ғарыштық зымыраны мен «Прогресс М26М» жүк кораблін ұшыру 17 ақпанға, Астана уақытымен сағат 17:00-ге жоспарланып отыр.