Байқоңыр қаласында ер адам жүкті әйелін ұрып өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр қаласында ер адам жүкті әйелін ұрып өлтірген

Байқоңыр қаласында ер адам жүкті әйелін ұрып өлтірген

Ресей ІІМБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Байқоңыр» кешенінде өзінің жүкті әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. 

  • 30 Қазан 2014
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» кешеніндегі кезекшілік бөлімге №1 қалалық ауруханадан қабылдау бөліміне 30 жастағы әйел жеткізілгені айтылды. Алдын ала диагноз бойынша, оның бас сүйегі ауыр зақымданған. Жүктіліктің 39 аптасында болған әйел алынған жарақаттар салдарынан ажал құшты.

Азаматшаның үйіне тәртіп сақшылары жөнелтілді.  Ол жерден жапа шегушінің 38 жастағы күйеуі ұсталды.  

«Байқоңыр» кешеніндегі Ресей тергеу комитеті аталған факті бойынша РФ ҚК 111 бабы 4 бөлімі (қарастырылған денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Аталған баптың санкциясында 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.