«Зенит-3SLБ» зымыран тасығышын ДМ-SLБ үдеткіш блогымен және АҚШ-тың телекоммуникациялық Telstar-11N жер серігімен қоса 2008 жылдың желтоқсан айының аяғында ұшыру жоспарланған.
Telstar-11N ғарыштық аппаратын «Лорал Скайнет» фирмасы жасаған, оның Ku-диапазондағы 39 транспондері бар. Telstar-11N жер серігі Орталық және Солтүстік Америкада, Еуропа, Африка мен Атлант мұхитында тұтынушыларға байланыс қызметін көрсетуге арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті