«Байқоңыр» ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының мамандары ғарыш айлағына 15 шілдеде жеткізілген «Днепр» зымыран тасығышының дайындығын жүргізуде.
Осы аптада зымыран тиелген транспорттық контейнер №109 алаңға тасымалданды, бұдан кейін ғарыш саласы мен Ресейдің Ғарыштық әскерлерінің мамандары зымыранды шахтаға орналастырды.
«Днепр» зымыран тасығышы (РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының конверсиялық өзгертілген түрі) RapidEye жүйесінің қашықтан зонд жүргізу және мониторинг мақсатындағы бес жер серігін мақсатты орбитаға шығаруға арналған.
RapidEye ғарыштық аппараттары ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында ұшырылым алыдндағы дайындықтан өтті, қазір олар сақтау режимінде зымыран тасығыштың бас бөлігімен түйістіруді күтуде.
Бес жер серігін алып ұшатын «Днепр» зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы тамыздың аяғында жүзеге асырылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті