Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда
Байқоңыр. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының кластерлік ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 тамызда ғарыш айлағының мамандары №109 алаңда "Днепр" зымыран тасығышына жанармай құюға кірісті.
Сонымен бірге, №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында RapidEye жер серіктерін ғарыштық бас бөлікке орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
"Днепр" зымыран тасығышы (РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының конверсиялық өзгертілген түрі) RapidEye жүйесінің қашықтан зонд жүргізу және мониторинг мақсатындағы бес жер серігін мақсатты орбитаға шығаруға арналған.
RapidEye ғарыштық аппараттары ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында ұшырылым алыдндағы дайындықтан өтті, қазір олар сақтау режимінде зымыран тасығыштың бас бөлігімен түйістіруді күтуде.
Бес жер серігін алып ұшатын "Днепр" зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы 29-тамызда жүзеге асырылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін