Байқоңырда ғарышкерлер экипажы Халықаралық Ғарыш станциясына ұшуға әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда ғарышкерлер экипажы Халықаралық Ғарыш станциясына ұшуға әзірленуде

Байқоңырда ғарышкерлер экипажы Халықаралық Ғарыш станциясына ұшуға әзірленуде

Бүгін, 7-қазанда Байқоңыр ғарыш айлағында ғарышкерлердің негізгі және қосалқы экипажы Халықаралық Ғарыш станциясына жол тартатын сегізінші экспедицияның ұшырылымына дайындық жұмыстарының кезекті сатысын өткізді. Ғарышкерлер дайындық жұмыстарының қарсаңында ғана ғарыш айлағына ұшып келген болатын. Бүгін таңертең айлақтың 254-ші алаңында ғарышкерлер ғарыш кемесінің скафандрлары мен ложементтерін өлшеп тексеріп көрді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығынан.

  • 7 Қазан 2003
  • 568
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Халықаралық Ғарыш станциясына жол тартатын негізгі экспедиция құрамында болашақта корабль командирінің міндетін атқаратын Ресейлік ғарышкер Александр Калери, орбиталық станцияның экипажын басқаратын НАСА астронавты Майкл Фоул, Еуропалық ғарыштық агенттігінің ғарышкері, бортинженер Педро Дуке бар.

Кеше, 6-қазанда «Крайний» әуежайына келген кезде А.Калери : «ғарышкерлер құрамының көңіл-күйі жақсы, рухы биік, ғарышкерлер алға қойған бағдарламалық міндетті атқаруға дайын»,- деп мәлімдеген болатын.
Негізгі экипаж Халықаралық ғарыш станциясында 185 тәулік жұмыс істеуге тиіс. Еуропалық ғарыштық агенттігінің бағдарламасы 8 күнге есептелген, осы мерзімде П.Дуке бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады. Мерзім аяқталғанда ол Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан 7-экипаж мүшелері Юрий Маленченко және Эдвард Лумен бірге жерге оралады.
Дайындық бағдарламасын жүзеге асыру үшін Байқоңырға негізгі экипаждың дублерлері — Виталий Токарев, Уильям МакАртур және Андре Кейперстер де келді.
Бүгін кешке екі экипаж да Жұлдызды қалашыққа оралады. Олар 18-қазанға белгіленген старт қарсаңында Байқоңырға келгелі отыр.

Соңғы жаңалықтар