Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары «Союз-ФГ» зымыран тасығышы, төрт дана GlobalStar жер серігі мен «Фрегат» үдеткіш бөлігі орнатылған зымыранның бас бөліктерін жаппай құрастыруға кірісті.
Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүгін кешке мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, ол «Союз-ФГ» зымыран тасығышын ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін № 31 алаңның «ұшырылым үстеліне» шығару жөнінде шешім қабылдайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ұшырылымға дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне ертең, 18 қазанда шығарылуға тиіс. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары үш күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін тексереді.
«Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Фрегат» үдеткіш блогын және 4 дана GlobalStar телекоммуникациялық жер серктерін алып 21 қазан күні Астана уақытымен 2 сағат 12 минутта (Мәскеу уақытымен 0 сағат 12 минут) №31 алаңнан ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті