Жарияланды: 460

Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы аяқталып келеді

Байқоңыр. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"№92А50 алаңның монтаж-сынақ корпусында үш бірдей "Глонасс-М" аппараты бір блокқа жинадып, "Протон-М" зымыран тасығышымен және ДМ үдеткіш блогымен құрастырылды". Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс. Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Жылдың аяғына дейін алты "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін