GLOVE-В ғарыштық аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде ұшыру жоспарланған.
№112 алаңның монтаж-сынақ корпусында шетелдік мамандар GLOVE-В ( техникалық жіктеу бойынша GSTB-V2/B) ғарыштық аппаратының дербес дйындықтарын жүргізуде. Ғарыш аппаратының жүйелері тексерілуде.
№31 алаңның монтаж-сынақ корпусында ресейлік мамандар 28 -наурызда ғарыш айлағына жеткізілген «Фрегат» үдеткіш блогының дайындық жұмыстарын жүргізуде. «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен GLOVE-В ғарыштық аппараты 23 мың шақырымдық мақсатты орбитаға шығарылады.
Сондай-ақ, №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында Еуропаның GLOVE-В жер серігін ұшыратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының дайындық жұмыстары да жүргізілуде.
Galileo навигациялық жүйесінің бірінші жер серігі — GIOVE-A (Galileo In-Orbit Validation Element) Байқоңырдан 2008 жылдың 28 желтоқсанында «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған. GIOVE-A ғарыштық аппараты биіктігі 23 000 шақырымнан астам есепті орбитаға шығарылды.
Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.
Galileo — Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.
АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі — Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.
Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті