Жарияланды: 440

Байқоңырда Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңыр. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Роскосмос" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше ғарыш айлағының қызметкерлері "Протон-М" зымыран тасығышын құрастырып аяқтады, ал бүгін "Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогымен және Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратымен техникалық жанармай құю станциясына жеткізілді. Бүгін ғарыш айлағының мамандары "Бриз-М" үдеткіш блогының төмен қысымды бактарына отын компонеттерін құя бастады. Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған. Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін