Ғарыш айлағының мамандары Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының ұшырылымына түзетілген кестемен дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5 тамызда Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышы алып ұшатын Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының 14 тамызға белгіленген ұшырылымы кейінге шегерілді. «Байқоңырда ұшырылым алдындағы сынақтарды өткізген кезде «Бриз-М» үдеткіш блогының бортындағы есептегіш кешеннің ақаулары анықталған. Есептеу кешені алмастырылды.
Бұдан кейін «Протон-М» зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады.
Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.
Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті