Байқоңырда Inmarsat 4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышының басқы бөлігімен құрастыру жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Inmarsat 4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышының басқы бөлігімен құрастыру жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Inmarsat 4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышының басқы бөлігімен құрастыру жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Inmarsat 4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышының басқы бөлігімен құрастыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмостың" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 494
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, №92А-50 алаңының монтаждық-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары ғарыштық басқы бөлікті құрастыру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Оған түйістірілген Inmarsat 4F3 ғарыш аппараты, өтпелі жүйе мен «Бриз-М» үдету блогы кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен Inmarsat 4F3 ғарыш аппараты 14 тамызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті