Ғарыш айлағының техникалық жанармай құю станциясында «Бриз-М» үдеткіш блогының төмен қысымды бактарына отын компонеттерін құю жұмыстары аяқталып келеді. Ғарыш айлағының мамандары зымыран тасығышты №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығаруға бағытталған соңғы іс-шараларға дайындалуда.
Inmarsat-4F3 жер серігін «Бриз-М» үдеткіш блогымен және «Протон-М» зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөніндегі шешімді мемлекеттік комиссияның мүшелері бүгін кешке топ жетекшілерінің есебінен кейін қабылдайды.
«Протон-М» зымыран тасығышын №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығару, кесет бойынша 15 тамызға межеленген. Зымыран ұшырылым «үстеліне» түк күйінде қойылған соң 4 тәулік бойы зымыран мен ұшырылым жабдықтарының жүйелерін тексеру жүргізіледі.
Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.
Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті