Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңыр. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Шiлде 2008
  • 416
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92 монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының дербес дайындықтарын жүргізуде.

Сондай-ақ, ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары Nimiq 4 жер серігімен бірге ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылатын №200 алаңның ұшырылым кешенін дайындауда.

Nimiq 4 жер серігі тамызда ғарыш айлағына жеткізілмек. Оны алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылдың қыркүйек айының ортасында ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті