Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңыр. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, «ғарыш айлағының мамандары желтоқсанға межеленген кезекті ғарыштық ұшырылымға дайындала бастады. №31 алаңның монтаждау және сынақ корпусында «Союз-ФГ» зымыран тасығышын құрастыруға дайындық жүргізілуде».

«RadarSat-2 жер серігін жасаған зауыт мамандары да арнаулы стендте апаррат жүйелерін тексере бастады»,- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, RadarSat-2 (Radar Satellite) жер серігін MacDonald Detwiller&Associates компаниясы MDA компаниясы мен Канада ғарыштық агенттігінің ынтымақтастығы аясында жасап шығарды.

Ғарыштық аппарат PRIMA тұғырында өзінің қызмет ету мерзімін аяқтаған RadarSat-1 аппаратын алмастыру үшін жасалған, ол Арктикаға мониторинг жүргізуге арналған.

RadarSat-2 С-диапазонда жұмыс істейтін синтезделген апертуралы (15х1,5м-лік антенна) көпфункциялы радармен жабдықталған. Ол жер бетін 3-300 метр/пиксельдік айқындықпен күн райының қандай ахуалында да түсіре алады. RadarSat-2 жер серігі 7 жылға белсенді жұмыс істеуге арналған.

RadarSat-2 ғарыштық аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен Байқоңырдан 2007 жылдың 8 желтоқсанында ұшыру межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті