Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, 11-ші алаңның монтаж-сынақ корпусында екі «Союз-ФГ» зымыранын құрастыру және ұшыруға дайындау жұмыстары жүргізілуде.
«Бір»Союз-ФГ» зымыраны «Союз ТМА-10» пилотты ғарыштық кемесін ұшыруға, ал екіншісі Францияның «Глобалстар» ғарыштық аппаратын ұшыруға арналған», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Союз ТМА-10» пилотты ғарыштық кемесін Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15-ші экипажбен қоса алып шығатын «Союз-ФГ» зымыраны 2007-жылдың 9-сәуірінде ұшырылады. Экспедиция құрамында Фёдор Юрчихин және Олег Котов (Россия), сондай-ақ, ғарыштық турист Чарльз Шимони (США) бар.
«Глобалстар» ғарыштық аппаратын алып ұшатын «Союз-ФГ» зымыранының ұшырылымы сәуірдің басына межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті