Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды

Байқоңыр. 1-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 1 Сәуiр 2008
  • 473
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін «Энергия» зымыран-ғарыштық кешенінің мамандары «Союз ТМА-12» ғарыш кемесін авторлық тексеруден өткізуде.

Тексеруден кейін мамандар корабльге бас обтекательді жеткізеді.

Ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, 3-сәуірде ғарышкерлер экипаждары «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің түсірілетін аппаратында екінші жаттығуларды жүргізеді, бұдан кейін ғарыш кемесі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен жалпы түйістіруге жіберіледі.

Ғарыштық пилотты кораблі мен зымыран тасығыш түйістірілген соң 6 сәуірде «Союз-ФГ» зымыран тьасығышы №1 алаңның ұшырылым кешеніне ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін жеткізіледі.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17 экспедицияның негізгі экипажын жеткізеді. Экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков пен Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті