Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына қыркүйекте ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары өткізілуде
Байқоңыр. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына қыркүйекте ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары өткізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпаарт көзіне сілтеме жасап. |
Ғарыш айлағының мамандары вакуум-камераға орнатылған "Прогресс М-65" жүк кораблінің герметикалық қасиетін тексеруде.
Бұдан кейін оған отын құюға дайындық жұмыстары басталады.
"Прогресс М-65" жүк кораблін "Союз-У" зымыранымен бірге ұшыру 2008 жылдың 10 қыркүйегіне межеленген.
"Прогресс М-65" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін