Жарияланды: 420

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары аяқталды

Байқоңыр. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына қыркүйекте ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпаарт көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары вакуум-камераға орнатылған "Прогресс М-65" жүк кораблінің герметикалық қасиетін тексерді. Бұдан кейін корабль арнаулы стендке орнатылып, ғарыш айлағының мамандары корабльдің қозғалтқышына сұйық отын мен сығымдалған газ құюға дайындық жұмыстарына кірісті. "Прогресс М-65" жүк кораблін "Союз-У" зымыранымен бірге ұшыру 2008 жылдың 10 қыркүйегіне межеленген. "Прогресс М-65" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін