Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын «Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық аяқталып келеді.
Қазір ғарыштық аппараттың бас бөлігін құрастыру жүргізіліп жатыр. Ғарыш айлағының мамандары «Космос» жер серігін өтпелі жүйемен түйістіреді, бұдан кейін ғарыштық аппарат пен «Бриз-М» үдеткіш блогы түйістіріледі.
Ғарыштық аппараттың бас бөлігін құрастыру аяқталғаннан кейін ол «Протон-М» зымыран тасығышымен түйістіріледі. Бұдан кейін зымыран тасығыштың штаттық тексерулері мен ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары басталады.
«Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы 8-желтоқсанда ғарышқа жол тартуға тиіс.
Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш «Протонның» екіншісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті