Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын дайындау басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын дайындау басталды

Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын дайындау басталды

Байқоңыр. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын дайындау басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Украинаның және Ресейдің ғарыш кәсіпорындарының мамандары ғарыш айлағына 28 шілдеде жеткізілген «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышын дайындауды бастады. Өткен аптада зымыран №42 алаңның монтаждық-сынақ корпусының стендіне орнатылды. Онда зымыран тасығыштың жүйелері сынақтан өткізіліп, тексеруден өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, Measat-1R ғарыш аппаратын тиеген «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышы №45 алаңның ұшыру кешенінен 21 тамызда ұшады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті