Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының дайындығы жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының дайындығы жалғасуда

Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының дайындығы жалғасуда

Байқоңыр. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының дайындықтары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Тамыз 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Украинаның және Ресейдің ғарыш кәсіпорындарының мамандары ғарыш айлағына 28 шілдеде жеткізілген «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышының бірінші және екінші сатыларын түйістіруді №42 алаңның монтаж-сынақ корпусында жүргізіп аяқтады.

Ал ғарыш айлағының №31 алаңының монтаж-сынақ корпусында шетелдік және ресейлік мамандар ДМ-SLБ үдеткіш блогы мен Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін құрастыруға дайындала бастады.

Measat-1R аппаратын АҚШ-тың Orbital Sciences Corporation (OSC) компаниясы Малайзияның байланыс операторы — Measat Satellite Systems тапсырысымен шағын геостационарлық жер серіктеріне арналған Star платформасының негізінде жасап шығарған. Ол Малайзия және Индонезия секілді Оңтүстік Азия елдеріне үлкен айқындықтағы телевидение сигналын таратуға және байланыс қызметін көрсетуге арналған.

Естеріңізге сала кетсек, Measat-1R ғарыш аппаратын тиеген «Зенит-3SLБ» зымыран тасығышы №45 алаңның ұшыру кешенінен 21 тамызда ұшады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті