Жарияланды: 510

Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігіне ақау келді

Байқоңыр. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Малайзияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігіне ақау келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 9 тамызда №42 алаңның монтаж-сынақ корпусында дайындық жұмыстары кезінде шығыранның ілмегі Measat-1R жер серігінің антеннасын зақымдап кеткен. Оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін арнаулы комиссия құрылды. Қазір ақаудың сипаты анықталуда, жер серігі зерттеліп біткеннен кейін қажетті жөндеу жұмыстары мен оқыс оқиғаның зардаптарын жою жөнінде шешім қабылданады. Осыған байланысты Measat-1R жер серігінің ұшырылымы кейінге шегерілуі мүмкін. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырда Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышымен ұшыруға дайындық жүргізілуде. Measat-1R аппаратын АҚШ-тың Orbital Sciences Corporation (OSC) компаниясы Малайзияның байланыс операторы - Measat Satellite Systems тапсырысымен шағын геостационарлық жер серіктеріне арналған Star платформасының негізінде жасап шығарған. Ол Малайзия және Индонезия секілді Оңтүстік Азия елдеріне үлкен айқындықтағы телевидение сигналын таратуға және байланыс қызметін көрсетуге арналған. Естеріңізге сала кетсек, Measat-1R ғарыш аппаратын тиеген "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы №45 алаңның ұшыру кешенінен 22 тамызда 2 сағат 21 минутта ұшады деп жоспарланған болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін