Жарияланды: 390

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді

Байқоңыр. 17 қыркүйек."Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалған, оны запасқа ауыстыру қажет". Жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымын жүзеге асыратын күні мен сағаты кейін нақтыланады. Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 19-шы қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген болатын. Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть