Байқоңырда оқушының шашын кесіп тастаған қыздар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда оқушының шашын кесіп тастаған қыздар табылды

Байқоңырда оқушының шашын кесіп тастаған қыздар табылды

Байқоңырда оқушының шашын кесіп тастаған қыздар табылды.

  • 12 Желтоқсан 2018
  • 31113
Фото - Caravan.kz

Оқушының шашын кесіп, артынша Интернетте видеосын жариялаған кәмелет жасқа толмаған қыздардың кім екендері анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Оқиға Байқоңыр қаласында 18 қарашада болған. Қыздардың өз құрбысына осындай зұлымдық жасауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Тексеру шаралары жүріп жатыр.

"Өз құрбыларына зұлымдық көрсетіп, ол әрекетін әлеуметтік желіде жариялаған қыздардың кім екендері анықталды. Олардың барлығы кәмелет жасына толмаған жергілікті орта мектептің оқушылары екені белгілі болды. Тергеу жүріп жатыр", — деді ІІМ өкілі.


Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде 8 желтоқсанда пайда болды. Видеода олар зардап шеккен қыздан әлеуметтік желідегі парақшаның паролін сұрап, балағат сөздер айтып, күштеп қайшымен шашын кескен.