Жарияланды: 510

Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблінің жаңғырықсыз камерадағы сынақтары аяқталды

Байқоңыр. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблінің жаңғырықсыз камерадағы сынақтары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Прогресс М-01М" жүк кораблінің жаңғырықсыз камерадағы сынақтары табысты аяқталып, ол стендке жеткізілді. Енді оған жанармай құюға дайындық жұмыстары басталды. Ғарыш саласының мамандары корабльдің радиожүйелерін, бірінші кезекте корабльдің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін қамтамасыз ететін "Курс" жүйесін тексерді. "Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған. "Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. "Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында ұшырылады деп жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін