«Союз-У» зымыран тасығышы «Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) №1 алаңның ұшырылым кешенінің №5 ұшыру қондырғысынан қалыпты режимде ұшырылды.
Ұшырылым циклограммасына сәйкес «Прогресс М-63» транспорттық жүк кораблі зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шықты. «Прогресс М-63» транспорттық жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясымен 7 ақпан күні кешке түйіседі деп межеленген.
Бұл биыл Байқоңырдан жүзеге асырылған екінші ұшырылым, ал «Союз-У» зымыран тасығышының бірінші ұшырылымы. 2008 жылы Халықаралық ғарыш станциясына жүк таситын төрт «Прогресс» ұшыру жоспарланған.
«Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс. Сонымен бірге, «Прогресс» Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 8 сәуірінде «Союз ТМА-12» кораблінің экипажының құрамында ғарышқа бет алатын Кореялық ғарышкер Ко Санның ғарыштағы сынақ жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті