Бүгін «Энергия» зымыран-ғарыштық кешені, «Прогресс» МКҒӨО, Бармин атындағы жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары, «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары 3 ақпанда №1 алаңның ұшырылым «үстеліне» тік күйінде орнатылған «Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
Кеше бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмыстар аяқталып, оның барысында жер үсті кешені зымыран-тасығышпен түйістірілді. Ал бүгін екінші күнгі кестеге сәйкес шаралар басталып, олардың барысында зымыран тасығыштың жүйелері тексеріліп, «Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылымға дайындық жинағы өткізіліп, зымыранға жанармай құюға имитация жасалады.
«Союз-У» зымыран тасығышы «Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) ұшырылмақ.
Бұл 2008 жылға межеленген Халықаралық ғарыш станциясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша орбитаға жіберіледі деп межеленген бес экспедицияның біріншісі. «Прогресс М-63» транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс. Сонымен бірге, «Прогресс» Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 8 сәуірінде «Союз ТМА-12» кораблінің экипажының құрамында ғарышқа бет алатын Кореялық ғарышкер Ко Санның ғарыштағы сынақ жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті