Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңыр. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Тамыз 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары кесте бойынша 25 шілдеде ғарыш айлағына жеткізілген «Прогресс М-65» жүк кемесінің жүйелерін тексеріп, сынақтан өткізуде.

Сонымен біруақытта №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында Самарадағы «Прогресс» КБ филиалының мамандары жүк кораблін орбитаға шығаруға арналған «Союз-У» зымыран тасығышын дайындай бастады.

«Союз-У» зымыранының блоктары мен сатыларын құрастыру жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.

«Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен «Прогресс М-65» жүк кораблін ұшыру 2008 жылдың 10-шы қыркүйегіне межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті