Жарияланды: 410

Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-65" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Прогресс М-65" жүк кораблі жүйелеріне электр сныақтарын жүргізді. С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің Байқоңырдағы филиалы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары ғарыш кемесінің кешенді сынақтарына кірісті, оның барысында жүк кемесінің аппаратуралары мен жабдықтарының өзара ықпалдастығы тексеріледі. Кешенді сынақтар келесі аптаның басында аяқталып, "Прогресс М-65" жүк кемесі радиожүйелерінің тексерулері үшін жаңғырықсыз камераға әкелінеді. Ал бұдан кейін герметикалық қасиетін тексеру үшін вакуум-камераға жеткізіледі. "Прогресс М-65" жүк кораблі "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылады. "Прогресс М-65" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4,5 тонна жүк, соның ішінде азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть