Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын "Глонасс-М" үш жер серігімен қоса ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын "Глонасс-М" үш жер серігімен қоса ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын "Глонасс-М" үш жер серігімен қоса ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 24-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда 2007 жылғы соңғы ғарыш ұшырылымы "Протон-М" зымыран тасығышын "Глонасс-М" атты үш бірдей жер серігімен ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 396
Фото - Caravan.kz

Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының мамандары мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары 22-желтоқсанда № 81 алаңның № 24 ұшыру қондырғысына орнатылған «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындаудың үшінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмыс жүргізуде.

Бүгінде зымыран тасығышына жанармай құю және зымырандарға жанармай құю имитациясын жүргізу жөніндегі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ұшыруға дайындау жұмыстары ертең де, 25-желтоқсанда өз жалғасын табатын болады.

«Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ресейлік «Глонасс-М» үш жер серігін ұшыру ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Астана уақытымен 1 сағат 32 минутқа (25-желтоқсанда Мәскеу уақытымен 22.32) межеленген.

Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан 2007 жылы ұшырылатын 20-шы, қорытынды ғарыш ұшырылымы болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті