Байқоңырда RadarSat-2 канадалық спутнигін ұшыруға арналған "Фрегат" үдеткіш блогына жанармай құю жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда RadarSat-2 канадалық  спутнигін ұшыруға арналған "Фрегат" үдеткіш блогына жанармай құю жүргізілуде

Байқоңырда RadarSat-2 канадалық спутнигін ұшыруға арналған "Фрегат" үдеткіш блогына жанармай құю жүргізілуде

Байқоңыр. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 спутнигін ұшыруға арналған "Фрегат" үдеткіш блогына жанармай құю жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қараша 2007
  • 387
Фото - Caravan.kz

Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының қызметкерлерімен бірге № 31 алаңының жанармай құю станциясында «Фрегат» үдеткіш блогының қозғалтқышының багына жанармай құю жұмыстарын жүргізуде. Жанармай құйылып біткеннен кейін «Фрегат» үдеткіш блогы RadarSat-2 ғарыш аппаратымен және өтпелі жүйесімен түйістіру үшін монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі.

RadarSat-2 канадалық ғарыш аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышы мен «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен Байқоңырдан 2007 жылдың 14-желтоқсанында ұшыру жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті