Байқоңырда RapidEye жер серіктерін ұшыруға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда RapidEye жер серіктерін ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда RapidEye жер серіктерін ұшыруға дайындалуда

Байқоңыр. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда RapidEye жер серіктерін ұшыруға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жер үсті ғарыштық инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

  • 2 Шiлде 2008
  • 476
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында тапсырыс беруші Канада және Ұлыбритания фирмаларының өкілдері Роскосмос мамандарының қолдауымен RapidEye бағдарламасы бойынша бес жер серігін ұшыруға дайындала бастады.

Кеше бірінші ғарыштық аппаратқа жанармай құйылған, ал бүгін мамандар арнаулы стендте орнатылған екінші жер серігіне жанармай құя бастады.

Тағы екі ғарыштық аппарат тестіден өткізу сатасында.

Бес жер серігін алып ұшатын «Днепр» зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы тамыздың ортасында жүзеге асырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті