Байқоңырда Ресей президентінің сайлауында дауыс беруге арналған шығару куәліктері беріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Ресей президентінің сайлауында дауыс беруге арналған шығару куәліктері беріле бастады

Байқоңырда Ресей президентінің сайлауында дауыс беруге арналған шығару куәліктері беріле бастады

Байқоңыр. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдағы учаскелік сайлау комиссиялары Ресей Федерациясы президентінің сайлауында дауыс беруге арналған шығару куәліктерін бере бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Байқоңыр қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Москалев хабарлады.

  • 11 Ақпан 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Қаладағы жеті учаскелік сайлау комиссиясының әрқайсысына 60 шығару куәлігі берілді, оның көмегімен Байқоңыр қаласында тұрақты тіркелген және ағымдағы жылдың 2 наурызында өтетін сайлау кезінде қаладан шығатын барлық РФ азаматтары Ресейдегі және шетелдегі кез-келген сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

«Аумақтық сайлау комиссиясы барлығы 500 шығару талонын дайындады, олар Ресей азаматтарының Ресей Федерациясы президентінің сайлауына қатысу жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыруы үшін жеткілікті болмақ», -деді М. Москалев.

«Барлық шығару куәліктері қосымша қорғаныс құралдарына ие, арнаулы қорғаныс элементтерін пайдалана оытрып арнаулы қағазға басылған», — деді М. Москалев.

Сонымен бірге талонға азаматтың жеке басын куәландыратын мәліметтер мен шығару куәлігін берген сайлау комиссиясының мүшесі жөніндегі мәліметтер енгізіледі. Әрбір талонның өз номері бар және ол арнаулы реестрге енгізілген.

«Сайлау өткізуге арналған бюллетеньдердің 18 мың данасы 19 ақпанда жеткізіледі, ол 2 наурыз күні барлық сайлаушыларға жетеді. Ал шығару куәліктерін сайлаушылар 1 наурызға дейін ала алады», — деді М. Москалев.

Байқоңырдағы аумақтық сайлау учаскесі РФ аумағынан тысқары жерлердегі 322 сайлау учаскесіне қамтылады, олар шетелдерде жүрген Ресей азаматтарына сайлау мен дауыс беруге атсалыуға мүмкіндік береді.

Байқоңыр қаласының аумағында 7 учаскелік сайлау комиссиясы құрылып, сайлау учаскелерінің орны мен шекарасы айқындалып, комиссия мүшелері бекітілген, олар 6 ақпанда жұмысқа кірісті.

Байқоңырда дауыс беру құқығы бар 17 мың РФ азаматы тіркелген. Қалада тұрақты тұратын 11 мың адам «Байқоңыр» ғарыш кешенінің қызмет көрсетугі құрамына жатады. Ал 6 мыңнан астам адам уақытша тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті