Баспасөз қызметінің хабарына сүйенсек, № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша «Союз ТМА-11» ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жүріп жатыр.
С. Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары корабль жүйелеріне жанармай мен газға толтыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс кестесіне сәйкес, ғарыш кемесін дайындау қыркүйектің аяғында негізгі және қосалқы экипаждың ұшып келуіне қарай аяқталуға тиіс.
Сонымен қатар № 112 алаңның монтаждау-сынақ корпусында Байқоңыр федералдық ғарыш орталығы мен Самараның «ЦСКБ-Прогресс» зауытының филиалы қызметкерлері «Союз-ФГ» зымыран тасығышының бірінші және екінші сатыларын құрастыруға дайындауда.
Байқоңыр ғарыш айлағының №1 алаңынан «Союз ТМА-11» пилотты кемесін ұшыру үстіміздегі жылдың 10-қазанына жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті