Баспасөз қызметінің хабарына сүйенсек, С. Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары, Байқоңыр федералдық ғарыш орталығы мен Самараның «ЦСКБ-Прогресс» зауытының филиалы қызметкерлері № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында «Союз ТМА-11» пилотты ғарыш кемесіне авторлық тексеру жүргізуде.
16-шы негізгі экспедиция және 13-ші Халықаралық ғарыш станциясына бару экспедициясының экипажын алып ұшатын пилотты «Союз ТМА-11» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышының ұшырылымы 10 қазанға жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті