Жарияланды: 410

Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты кораблін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда

Байқоңыр. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына 18-ші экспедицияны жеткізетін "Союз ТМА-13" пилотты кораблін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз ТМА-13" пилотты кораблін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда. Зымыранға бірінші және екінші сатылары түйістіріліп, зымыран тасығыштың басқару, электрлік және пневматикалық жүйелері тексерілуде. "Союз ТМА-13" пилотты кораблін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыш айлағының №1 алаңынан 12 қазанда ұшырылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін