Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

Кеше ұшырылым кестесінің бірінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталып, жер үсті кешені зымыранмен түйістіріліп, зымыранның ұшырылымы басталғаннан және ғарыш кемесінен бөлінуіне дейін ұшу циклогроммасы жасалды.

Бүгін ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, «Союз-У» ЗТ ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалады.

«Прогресс М-65» жүк тасымалдаушы кемесін «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 11 қыркүйек күні Астана уақытымен 01 сағат 49 минутта (Мәскеу уақытымен 23 сағат 49 минут) ұшыру жоспарланған.

«Прогресс М-65» жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Олар станция орбитасын сақтап тұратын жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құралдар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар