Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жаз айларында жоспарланған үш ұшырылымның алғашқысы Ресейдің әскери мақсаттағы «Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-К» зымыран тасығышының ғарыштық ұшырылымы сәтті іске асырылды. Ғарыш аппараттарының ұшырылу жоспарына сәйкес, «Байқоңыр» ғарыш айлағында тағы екі жаздық ұшырылым жоспарланып отыр. Тамыз айында Inmarsat-4F3 телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы мен Rapid Eye жер серіктерін бірге ұшатын «Днепр» конверсиялық зымыранының ұшырылымы жоспарланған.
Жыл басынан бері Байқоңырдан Ресейдің және халықаралық ғарыш бағдарламалары бойынша зымыран тасығыштар 9 рет ұшқан. Ал Байқоңырдан 2008 жылы барлығы 20 ғарыштық ұшырылым жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті