Дегенмен Ресей қыруар қаржыны төлей ме, жоқ па беймәлім. Өйткені бұған дейін көршілеріміз «Протон» жалға алған аумаққа құлады деп тосын мінез танытқан. Бір белгілісі дипломатиялық жолмен жөнелтілген құжаттың орындалуына «Қазғарыш» Агенттігі мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі жауапты. Табиғатқа келтірілген залал яғни 14 млд теңгені өндіріп алу солардың мойнында. Алайда «Роскосмос» басшылығы Астанадан жолданған құжатты туралы естіген де, көрген де жоқпыз деп отыр. Айта кетсек, 2 шілдеде Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыраны 17 секундттан кейін құлап жермен -жексен болған еді. Сол кезде Қызылорда облысының аумағына 600 тонна улы гептил төгілген.