Байқоңырдан АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 15-наурызда ұшатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 15-наурызда ұшатын болды

Байқоңырдан АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 15-наурызда ұшатын болды

Байқоңыр. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 15-наурызға белгіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмос" баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

  • 14 Ақпан 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

Байқоңырда АҚШ-тың «АМС-14» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының дайындық жұмыстары басталып кетті. Ұшу уақыты 15-наурызға белгіленді.

М. Хруничев атындағы орталық мамандары ғарыш айлағына 13-ақпан күні жеткізілген «Протон-М» зымыран тасығышының бөліктерін вагондардан шығаруға кірісті.

15-ақпан күні ғарыш айлағына «АМС-14» жер серігі жеткізіледі деп күтіліп отыр. сондай-ақ, жақын уақыттарда Байқоңырға жер серігін орбитаға алып шығуға арналған «Бриз-М» үдеткіш блогы жеткізілмек.

«АМС-14» ғарыш аппаратын Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасаған. Жер серігі Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етпек. «АМС-14» 15 жыл пайдалануға арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті