Жарияланды: 400

Байқоңырдан Inmarsat-4F3 жер серігі алып "Протон-М" зымыран тасығышы табысты ұшырылды

Байқоңыр. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Inmarsat-4F3 жер серігі алып "Протон-М" зымыран тасығышы табысты ұшырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Inmarsat-4F3 жер серігін өзімен бірге алған "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылды. Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатылары ұшу циклограммасының уақытына сай дәлме-дәл бөлінді. Ғарыштық аппарат "Протон-М" зымыран атсығышымен тірек орбитаға шығарылды. "Бриз-М" үдеткіш блогы мен жер серігінің зымыран тасығыштың үшінші сатысынан бөлінуі қалыпты режимде жүзеге асырылды. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты есепті уақытта геостационар орбитаға шығарылды. Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть